Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 мамыр түскі сағат 12.35-те тағы 20 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 7, Шымкент қаласында - 4, Алматы облысында - 1, Атырау облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 1, Түркістан облысында 1 адамға вирус жұққан.
Елде вирус жұқтырғандар 5056 адамға жетті. 1828 адам жазылған. 31 адам қайтыс болған.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды деп мәлімдеген. 9 мамырда Қазақстанда 141 адамнан коронавирус табылып, бір күнде 135 адам жазылды. Вирус жұқтырғандар саны жағынан Алматы мен Нұр-Сұлтан бұрынғыдай алдыңғы орындарда тұр.
Қарай отырыңыз: Қазақстанның коронавирус картасы
Қазақстанда 11 мамырда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай аяқталуы тиіс. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі елде карантин шаралары біртіндеп алынатынын айтады.
ПІКІРЛЕР