Accessibility links

Коронавирустан қатты зардап шеккен елдер шектеу шараларын жеңілдету жолын білмей отыр


Аурухана ауласында тынығып жатқан дәрігерлер. Нью-Йорк қаласы. 3 мамыр 2020 жыл.
Аурухана ауласында тынығып жатқан дәрігерлер. Нью-Йорк қаласы. 3 мамыр 2020 жыл.

Коронавирустан қатты зардап шеккен Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдері індет қайта өршімес үшін шектеу шараларын қалай жеңілдетуді білмей отыр.

Оңтүстік Корея астанасында билік вирус жұқтырғандар саны қайта көбейе бастаған соң 9 мамырда 2100 бар мен түнгі клубты жапты. Германияда қасапханада жаңа вирус ошағы анықталған. Ал Италия билігі посткарантиндік кезеңнің алғашқы аптасында адамдар жиналып, қашықтан араласу ережесін сақтамауы мүмкін деп қауіптенеді.

АҚШ-та Ақ үйдің үш мүшесі коронавирус жұққандармен байланыста болғаннан кейін карантинге кетті. Пандемия кесірінен жұмыссыздық деңгейі 14,7 пайызға жеткен АҚШ-тың кейбір штаттары біртіндеп карантин шараларын ала бастаса да кәсіпкерлердың жағдайы әлі ауыр. Президент Дональд Трамп жұмыссыздықтың кесірінен азаматтар азық-түлік түрінде қолдауға зәру болғандықтан үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып ала бастайды деп мәлімдеді.

Соңғы мәлімет бойынша, әлемде 4 млн 26 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 279 мыңнан астам адам қайтыс болған. 1 млн 377 мыңнан астам адам жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG