Accessibility links

Сәуір айында Ресей отбасыларында 7,7 мың зорлық-зомбылық жасалған


Сәуір айында Ресейде отбасыларында 7.7 мың зорлық-зомбылық жасалған, былтырғы жылдың сәуір айындағы осындай қылмыстан 23% аз деп хабарлайды Ресей ішкі істер министрлігі. Министрліктің айтуынша, "отбасындағы зорлық-зомбылық қылмыстары көбеймеген".

Осыған байланысты Ресей ІІМ ұрып-соққаны үшін жауапкершілікті күшейтуден бас тартып, әкімшілік кодекстегі бұл бапты өзгертудің қажеті жоқ деп санаған. Үйдегі зорлық та жатқызылатын бұл бап бойынша 30 мың рубль айыппұл салынады, не болсмаса 15 тәулікке қамауға алынады.

Бұған дейін Ресей үкіметінің вице-премьері Татьяна Голикова мемлекет думасының депутаттары Оксана Пушкина, Ирина Родина мен Ольга Севостьянованың коронавирусқа байланысты өзін-өзі оқшаулау кезінде үйде зорлықтың көбеюіне байланысты шұғыл шара қолдану жөніндегі өтінішін қарауды Ресей ІІМ-не тапсырған. Ресейдің адам құқы жөніндегі уәкілетті өкілі Татьяна Москалькова сәуір айында үйдегі зорлық-зомбылық наурыз айымен салыстырғанда 2 есе көбейгенін хабарлаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG