Accessibility links

Қазақстанда тағы 138 адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі 13 мамыр таңертеңгі сағат 10.00-де Қазақстанда тағы 138 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Батыс Қазақстан облысында - 11, Жамбыл облысында - 6, Қарағанды облысында - 3, Түркістан облысында - 4, Атырау облысында - 92, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Алматы қаласында 6 адамға вирус жұққан.

Министрліктің хабарлауынша, бұл 13 мамырға қараған түнгі ақпарат. Бірақ ведомство оны сәрсенбі күні таңертең жариялап отыр.

Министрлік сонымен бірге 115 адамның коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлады.

Елде барлығы 5417 адамға вирус жұққан. 2223 адам жазылған. 32 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG