Accessibility links

Сенат "Бейбіт жиын туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды


Нұр-Сұлтанда "митинг орнында" арнайы жасақ өкілдері адамдарды ұстап жатыр. 1 наурыз 2020 жыл.
Нұр-Сұлтанда "митинг орнында" арнайы жасақ өкілдері адамдарды ұстап жатыр. 1 наурыз 2020 жыл.

14 мамырда парламенттің жоғарғы палатасы қазақстандық және шетелдік құқық қорғаушылар сынаған "Бейбіт жиын өткізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, бірқатар түзету енгізіп, жобаны мәжіліске қайтарды.

Заң жобасы туралы баяндама жасаған сенат депутаты, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің мүшесі Сәрсембай Еңсегенов заң жобасындағы алты бапқа байланысты 16 ұсыныс жасап, депутаттардың бәрі ұсынысты қолдады. Олардың арасында бейбіт жиын кезінде маска тағу сияқты қорғаныш құралдарын қолдануға рұқсат беру, митинг орындарын көпшілікке көрінетін орталықтарда ұйымдастыру және митинг өткізетін орындардың санын үшке дейін жеткізу сияқты ұсыныстар бар.

"Заң жобасын талқылау барысында бейбіт жиындар ұйымдастыру және оны өткізу үшін арнайы орындар белгілеу және олардың санына қатысты сұрақтар туындады. Ол қоғамда да кеңінен талқыға түскен. Мәселені қарап комитет астананың, республикалық маңызы бар және облыс орталықтары болып есептелетін қалалар мен олардың құрамына кіретін аудандарда арнайы орындар міндетті түрде орталықта орналасуын және олардың саны үштен кем болмауы тиіс деген шешімге тоқтады" деді ол.

Бұған қоса, депутаттар жиын ұйымдастырушысы немесе оған қатысушы заң талаптарын бұзса, олардың бейбіт жиынға қатысуына тыйым салынатыны туралы түзету енгізді. Егер олар заң бұзуды тоқтатса, бейбіт жиын жалғасады.

30 сәуірде сенат заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған.

Қарай отырыңыз: Сенат митинг заңын мақұлдар тұста құқық қорғаушыны "қаралау күшейді" (30 сәуір 2020 жыл).

Сенат митинг заңын мақұлдар тұста құқық қорғаушыны "қаралау күшейді"
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:08 0:00

Сәуір айының басында мәжіліс заң жобасын мәжіліс мақұлдап, сенатқа жіберген еді.

Бұған дейін түрлі халықаралық ұйымдар Қазақстан билігіне пандемия індеті кезінде елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызы бар заң жобасын қарауды кейінге қалдыруға шақырған болатын. Норвегиялық Хельсинки комитеті (Norwegian Helsinki Committee) және ЕҚЫҰ аймағындағы 24 құқық қорғау ұйымы "билік заң жобасын өткізу үшін пандемияны пайдаланды" деп айыптап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған.

Оқи отырыңыз: Қарсыласуға мүмкіндік жоқ кезде митинг туралы заңды қабылдап жібермек

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы да төтенше жағдай кезінде халықтың заң жобасына қатысу мүмкіндігі жоғын айтып, заң жобасын талқылауды кейінге қалдыруға шақырған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG