Accessibility links

Қырғызстанда коронавирустан екі адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

15 мамырда таңертең Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев Нарын облысында - 84 жастағы әйел адам, Бішкекте 55 жастағы ер адам қайтыс болғанын хабарлады.

"Әйел адам ұзақ ауырды. Наурыз-сәуір айларында созылмалы аурулары асқынған. Кеше (14 мамырда) тағы ауруы асқынып, оны реанимацияға ауыстырған. Емдеу шараларына қарамастан ауруханада көз жұмды. ПЦР-анализ коронавирус жұққанын дәлелдеді. Жерлеу кезінде барлық санитарлық ережелер сақталған. Ер адам ауруханаға 28 сәуірде түскен. Аурулары асқынғандықтан реанимацияда жатты. Емдеу шараларына қарамастан ол да бүгін таңертең қайтыс болды" деді вице-министр.

Қырғызстанда барлығы 1111 адамнан коронавирус табылған. 14 адам қайтыс болған. 745 адам жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG