Accessibility links

ПАСЕ Бакуды оппозицияға қысым жасамауға шақырды


Көрнекті сурет.
Көрнекті сурет.

Еуропа Кеңесі парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) Әзербайжан билігін эпидемиямен күресті пайдаланып, оппозицияға қысым жасамауға шақырды.

ПАСЕ сарапшыларының айтуынша, 15-тен астам әзербайжан журналисі мен белсендісі "карантин ережелерін бұзды" және "полицияға бағынбады" деп айыпталып, 30 күнге дейін қамалған. Ассамблея өкілдері індет тарап жатқан шақта Бакуде қамауда отырғандардың өміріне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдайды.

ПАСЕ Әзербайжан билігін пікір айту құқығын сақтап, COVID-19 пандемиясымен күрес шараларын саяси оппоненттерін қудалау мақсатында пайдаланбауға шақырды.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының "Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексінде" Әзербайжан 180 елдің арасында 168-орында тұр. Бір жыл бұрын оның рейтингісі 166-орында болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG