Accessibility links

Путин: Ресейде ешбір елде жоқ қару бар


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресейде ешбір елде жоқ қару бар деп мәлімдеді президент Владимир Путин. Ол бұл сөзін 16 мамырда "Москва. Кремль. Путин" бағдарламасы кезінде айтты. Бағдарламаның толық нұсқасын жексенбі күні "Россия-1" телеарнасы көрсетеді.

"Бұл мүлде мүмкін емес нәрсе болатын. Бірақ біз оны жасадық. Мұндай жетістікке "іргелі ғылым, ғылыми мектептер мен инженерлік кадрсыз" қол жеткізу мүмкін емес еді" деді Путин.

"Коммерсантъ" басылымы бұған дейін АҚШ пен Ресей президенттерінің қарулануды бақылау мәселесін телефон арқылы талқылағанын жазды. АҚШ президенті Дональд Трамп сол кезде Ресей президентін қарулану жарысына түспеуге шақырған.

Мақаладағы мәліметке сәйкес, қару-жарақ өндіру бойынша Ресей әлемде АҚШ-тан кейін екінші орынды иеленген. Мұндай тізімді жыл сайын Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI)(SIPRI) құрастырады.

Оқи отырыңыз: SIPRI: 2019 жылы әлемде әскери мақсатқа жұмсалған қаржы күрт көбейді

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG