Accessibility links

Әлемде 5 миллионнан астам адамға коронавирус жұққан


Нью-Йорк қаласындағы медицина қызметкерлері.
Нью-Йорк қаласындағы медицина қызметкерлері.

Америкалық Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 5 миллионнан асқан.

Науқастар саны жағынан АҚШ әлемде алда тұр. Мұнда 1,5 миллионнан астам адамға вирус жұққан. Екінші орында тұрған Ресейде 308 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. Бразилияда 291,5 мың науқас бар. Алғашқы бестікке Ұлыбритания және Испания да кіреді.

Әлемде індет басталғалы бері 328 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болған. АҚШ-та - 93 мың, Ұлыбританияда - 35,5 мың, Италияда 32,3 мың адам қайтыс болған. Франция мен Испания да алғашқы бестікке кіреді.

Бразилияда коронавирус жұқтырғандар 20 мыңға жуықтаған, эпидемия басталғалы бері 18 860 адам қайтыс болған. Бразилияда бір күнде 889 адам қайтыс болған. Сан-Паулу штаты мен оның әкімшілік орталығы вирус ошағына айналған.

Ресейде COVID-19 ауруынан қайтыс болғандар 3 мыңға жуықтаған.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 35 адам қайтыс болған. 7200-ден астам адамға вирус жұққан. Қазақстанда COVID-19 ауруынан басқа да ауыр дертке шалдығып, қайтыс болғандар коронавирустан қайтыс болды деп есептелмейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG