Accessibility links

Пәкістанда ұшақ апатынан ондаған адам қаза тапты


Ұшақ құлаған ауданнан түтін шығып жатыр. Пәкістан, Карачи ауданы. 22 мамыр 2020 жыл.
Ұшақ құлаған ауданнан түтін шығып жатыр. Пәкістан, Карачи ауданы. 22 мамыр 2020 жыл.

Пәкістанда Карачи әуежайының маңында "Пәкістан халықаралық әуе желісінің" (Pakistani International Airlines) жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, апаттан кем дегенде 76 адам қаза болды. Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Ресми дерек бойынша, ұшақ бортында 91 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Airbus A320 ұшағы Лахор қаласынан Карачиге келе жатқан. Жерге қонуға шамамен бір минут қалған кезде құлаған.

Geo.tv хабарлауынша, ұшақ құлаған ауданда бірнеше тұрғын үй бүлінген. Қаза тапқандар арасында тұрғындар бар-жоғы белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG