Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы оқ атылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

24 мамырда Қырғызстанның Баткен облысы Мойнок елді мекенінде - қырғыз-тәжік шекарасы маңында атыс болды.

Қырғызстанның шекара қызметінің хабарлауынша, шекарашылар Қырғызстан территориясында мал жаймақ болған көрші Ворух анклавы тұрғындарының үстінен түскен.

“Тәжік жағынан белгісіз біреулер қырғыз шекарашыларына қарай оқ ата бастады. Шамамен 11:40-та қырғыз және тәжік шекарашылары арасында кішігірім атыс болды. Қырғызстан жағынан зардап шеккендер жоқ” делінген хабарламада.

Осыдан кейін оқиға орнында екі ел шекарашыларының кездесуі өтті. Қазір шекара аумағындағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақталған. Тараптар оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Тәжікстан әзірге оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді. Зардап шеккендер туралы да мәлімет жоқ.

Соңғы айда осымен қару қолданылған екінші кикілжің болып отыр. 8 мамырда шекара маңында Қырғызстан және Тәжікстан тұрғындары арасында қақтығыс болып, аңшылық мылтық, миномет қолданылған. Қырғыз тарабынан үш адам, Тәжікстаннан екі адам зардап шеккен.

Оқи отырыңыз: Орталық Азиядағы шекаралас елдер қатынасындағы үміт пен күдік

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG