Accessibility links

Ресейде әскери тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты


Ми-8 әскери тікұшағы.
Ми-8 әскери тікұшағы.

Ресейдің Чукотка автономиялық округінде Ми-8 әскери тікұшағы апатты жағдайда қонып, жерге соғылғаннан кейін өртеніп кетті. Апаттан экипаждың төрт мүшесі мерт болды. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігіне аймақ басшылығының өкілі хабарлаған.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық қызмет көрсетуден кейінгі пайда болған ақау себеп болған. Өртенген тікұшақтың "қара жәшігі" табылған.

Ресей қорғаныс министлігінің хабарлауынша, тікұшақ оқу-жаттығу кезінде "Угольные Копи" аэродромы аумағында апатқа ұшыраған.

Бұған дейін Ресейде дәл осындай апат 20 мамырда болған. Мәскеу облысындағы Клин қаласы маңында Ми-8 әскери тікұшағы жерге құлап, экипаж мүшелерінің барлығы қаза болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG