Accessibility links

Павлодар облысының экс-әкімі Бақауов "лауазымын теріс пайдаланды" деп айыпталды. Іс сотқа түсті


Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов.
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісі Павлодар қалалық №2 сотына түсіп, алғашқы процесс 27 мамырға белгіленді. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Сотқа түскен құжатқа сай, Бақауовтың "Лауазымын теріс пайдалану" (Қылмыстық кодекстің 361-бабы) бабы бойынша айыпталған. Бұған дейін ол "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" (362-бабы) бойынша айыпталғаны хабарланған еді.

Қылмыстық кодексте "Лауазымын теріс пайдалану" бабы бойынша жеті жылға бас бостандығын шектеу не осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бабы бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Павлодар облысының тергеу соты Бақауовтың туысы құрылтайшысы болып саналатын "AksuTransLogistic" компаниясы 2014-2018 жылдары 200 миллион теңгедан аса салықты төлеуден "жалтарған" деп санайды. Тергеу "Бақауов қызметін пайдаланып салық органы басшылығынан тексеру қортындысын өзгертіп, төленбей қалған салықты бес миллион теңгеге дейін азайтуды талап еткен" деп санайды.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бақауовтың "қызметін асыра пайдаланды" деген күдікке ілінгенін мәлімдеп, екі айға қамауға алған. Кейін денсаулығының нашарлап, бұлтартпау шарасымен үйқамаққа ауыстырылды.

Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі болып 2016 жылы наурызда тағайындалған. 2019 жылы шілдеде оның қызмет уақыты ұзартылған. Бақауов істе болғаннан кейін, 2020 жылы 21 қаңтарда Әбілқайыр Ысқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG