Accessibility links

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар 100 мыңнан асты


АҚШ дүкендеріндегі қызметкерлерді вирустан қорғайтын жабдықтар. Мамыр айы, 2020 жыл.
АҚШ дүкендеріндегі қызметкерлерді вирустан қорғайтын жабдықтар. Мамыр айы, 2020 жыл.

Джонс Хопкинс университетінің 27 мамыр күнгі мәліметі бойынша, АҚШ-та 100 418 адам коронавирустан қайтыс болған, барлығы 1,7 млн адамнан коронавирус табылған.

COVID-19 ауруынан қайтыс болғандар шын мәнінде көп болуы мүмкін. Былтыр жыл соңына дейін беймәлім болып келген вирус әлемдегі өзге мемлекеттер тәрізді АҚШ азаматтарының да қалыпты өмірін өзгертті, адамдар ұзақ уақыт үйлеріне қамалып, сыртқа шыға алмай қалды, қаржы және салық жеңілдіктеріне қарамастан ел экономикасы жүйесіздікке ұрынды.

Бастапқыда пандемияның қаупін дұрыс бағаламаған АҚШ президенті Дональд Трамп карантин шараларын алып тастауға көндіруге тырысып жатыр. Қазір 50 штаттың барлығы шектеулерді түрлі дәрежеде жұмсартқан немесе алып тастаған. Алайда штаттардың жартысына жуығы індеттің біртіндеп беті қайтуын күтпей, карантин шараларын жұмсартқан, осылайша патогеннің жылдам тарау қаупін арттырған. Елдің кейбір бөлігінде тұрғындар қарапайым гигиена ережелерін сақтамай отыр.

Әлемде 5,65 млн адамға вирус жұққан, 355 мыңнан астам адам қайтыс болған. 2 млн 350 мыңнан астам адам айыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG