"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының" басқарма жетекшісі "ірі көлемде пара алды" деген күдікке ілінді. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекет
бюджетінен қаржы бөлуге, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде
пара алу фактісі бойынша, сонымен бірге жалпы қамқорлығы мен
салғырттығы үшін "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының" басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр" делінген басқарма хабарламасында.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, 2019 жылдың шілде айынан бері басқарма төрайымы міндетін Гүлнәр Сәрсенова атқарған.
Хабарламада күдіктіге қандай бұлтартпас шарасы қолданылғаны жазылмаған. "Күдіктінің кінәсі бар-жоқтығын сот шешеді" дейді агенттік.
Кинопродюсер, режиссер, сценарист, 58 жастағы Гүлнәр Сәрсенова - Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі. Кино саласында ондаған беделді жүлделерге ие болған. Eurasia Film Production компаниясының негізін қалаған.
ПІКІРЛЕР