Accessibility links

Тәжікстан: "Азия-Плюс" басылымының тілшісі бір айда екінші рет соққыға жығылды


Журналист Абдулло Гурбати. 29 мамыр 2020 жыл.
Журналист Абдулло Гурбати. 29 мамыр 2020 жыл.

Тәжікстандағы "Азия-Плюс" ақпарат агенттігінің 23 жастағы журналисі Абдулло Гурбати өзіне тағы шабуыл жасалғанын хабарлады. Гурбатидің сөзіне қарағанда белгісіз үш адам Хатлон облысы Хуросон ауданында оны ұрып-соққан. Тілші бұл аймаққа сел тасқынынан зардап шеккендер туралы материал жинауға барған.

Журналистің айтуынша, шабуылдағандардың бірі өзінің "ауыл әкімі" екенін айтқан.

- Ол дөрекілік танытып, мені "арандатып отырсың" деп айыптады. Мен жақында болған сел тасқынынан зардап шеккендер туралы материал әзірлеп жүргенімді айтып түсіндірдім. Кенет біреуі бетімнен қатты ұрды. Мұны күтпеген едім, бірден құлап түстім. Ол мені ұра берді, - деді Абдулла Гурбати.

Бұдан соң үшеуі көлікке отырып, кетіп қалған.

Жергілікті аудан билігі өкілдері оқиғадан хабарсыз екенін айтты. Хуросон ауданының әкімі Рахматулло Сафарзода хабарламаны естіп, жабырқағанын жеткізді.

Полицияға арыз жазған Гурбати шабуыл алдын ала жоспарланған деп топшылайды.

11 мамырда Гурбати дүкеннен келе жатқан кезде өзіне белгісіз екі адамның шабуыл жасағанын айтқан. Оған дейін белгісіз біреулер қоңырау шалып, қоқан-лоқы жасаған.

Тәжікстан билігі "Азия-Плюс" басылымының сайтын бірнеше рет бұғаттаған. Қазір ел аумағында басылым сайты ашылмайды. 2019 жылы Ресей де сайтты жапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG