Accessibility links

Қырғызстанда Алмазбек Атамбаевты сот залынан шығарып, процеске қатысуына тыйым салды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев

Бүгін, 1 маусымда Қырғызстанның Қой-Таш ауылындағы оқиға бойынша істі қарап жатқан Бірінші Май аудандық соты айыпталушылардың бірі – бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың сот процесіне қатысуына тыйым салды.

Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесаревтің сөзінше, судья бұрынғы президентті сот залынан шығарып, оның сот тергеуі аяқталғанша процеске қатысуына тыйым салған.

Бұған Атамбаевтың арнайы кабинада өзге айыпталушылармен бірге отырудан бас тартқаны себеп болған. Адвокаты Атамбаевтың өзге іске қатысты ұсталғанын айтып, оның өзгелермен отырмауы орынды дейді.

11 мамырда прокурорлар сот отырыстарында осы күнге дейін адвокатымен бірге отырып келген Атамбаевтың өзге айыпталушылармен бірге отыруын сұраған. Сот бұл өтінішіті қанағаттандырды.

Қылмыстық іс былтыр 7-8 тамыз күндері болған Қой-Таш оқиғасына байланысты қозғалған.

2019 жылғы 7 тамызда тергеу органдары Алмазбек Атамбаевты оның Қой-Таш ауылындағы үйінен тергеуге жеткізуге барғанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Атамбаевтың жақтастары арасында қақтығыс болған. Оқиға салдарынан қауіпсіздік комитеті “Альфа” арнайы жасағы жетекшісінің орынбасары Үсен Ниязбеков қаза тауып, ондаған адам жарақат алған. Атамбаев келесі күні билікке өз еркімен берілген. Қой-Тоштағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Іс бойынша 14 айыпталушы бар. Олардың арасында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев, оның бұрынғы кеңесшісі Фарид Ниязов, экс-депутат Равшан Джеенбеков, парламент депутаты Ирина Карамушкина мен Әсел Кодуранова бар. Барлығына “билікті күшпен басып алмақ болды”, “билік өкіліне күш көрсетті”, “тергеуге кедергі келтірді”, “кепілге адам алды”, “жаппай тәртіпсіздік”, “адам өлтіру”, “қаруды заңсыз иемденді” деген айып тағылған.

Атамбаев ұстағалғаннан кейін "Жемқорлық" және "Қылмысқа қатысу" және өзге де баптар бойынша айыптар тағылып, сот шешімімен тергеу абақтысына қамалды. Атамбаев – қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевтың заңсыз босап шығуы туралы істе де негізгі айыпталушылардың бірі.

Оқи отырыңыз: Атамбаев ісі қалай жалғасып жатыр?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG