Accessibility links

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 225 адамға көбейді. Барлығы 11 796 адам болды


Коронавирусты анықтайтын тест орталығы. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.
Коронавирусты анықтайтын тест орталығы. Алматы, 14 мамыр 2020 жыл.

Өткен тәулікте Қазақстанда 225 адамнан коронавирус табылды. Батыс Қазақстан облысында - 40, Алматыда 39 жаңа науқас анықталған. Сейсенбі күні науқастар көп тіркелген облыс пен қалалар арасында Қызылорда облысы (30), Нұр-Сұлтан қаласы (23), Атырау облысы (21) бар. Жалпы өсім 1,9 пайызды құраған. Бұл туралы 3 маусымда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде барлығы 11 796 адамға вирус жұққан:

  • Алматы қаласы – 39 (Барлығы 2715)
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 23 (Барлығы 2289)
  • Атырау облысы – 21 (Барлығы 1140)
  • Шымкент қаласы – 21 (Барлығы 906)
  • Қарағанды облысы – 0 (Барлығы 956)
  • БҚО – 40 (Барлығы 732)
  • Жамбыл облысы – 5 (Барлығы 398)
  • Түркістан облысы – 0 (Барлығы 384)
  • Алматы облысы – 5 (Барлығы 381)
  • Қызылорда облысы – 30 (Барлығы 448)
  • Ақтөбе облысы – 14 (Барлығы 363)
  • Павлодар облысы – 0 (Барлығы 217)
  • Маңғыстау облысы – 17 (Барлығы 308)
  • Ақмола облысы – 0 (Барлығы 166)
  • Қостанай облысы – 2 (Барлығы 184)
  • ШҚО – 6 (Барлығы 148)
  • СҚО – 2 (Барлығы 61)

Бір күнде 354 адам жазылған. Барлығы 5941 адам айыққан. 44 адам қайтыс болған. 2 маусымда түнде денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте 64 жасқа шыққан ер адам, Павлодар облысында 85 жастағы әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 61 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG