Accessibility links

Ұлыбритания Гонконгтің 3 млн тұрғынын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді


Гонконгтегі наразылық кезінде Ұлыбритания төлқұжатын көрсетіп тұрған тұрғын.
Гонконгтегі наразылық кезінде Ұлыбритания төлқұжатын көрсетіп тұрған тұрғын.

Егер Қытай Гонконгке қысым жасауын тоқтатпаса, Ұлыбритания мегаполистің үш миллионға дейін тұрғынын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы премьер-министр Борис Джонсон Times басылымына берген сұхбатында айтқан. Гонконг тұрғындарының Ұлыбритания азаматтығын алу мүмкіндігі де болады.

"Егер қажет болса, британ үкіметі осындай қадам жасайды. Гонконг тұрғындарының еркіндігіне қауіп төнді. Егер Қытай әрекеті бұлайша алаңдауға негіз бар екенін көрсетсе, Ұлыбритания бұған үнсіз қарап отыра алмайды. Біз өз парызымызды өтейміз - балама ұсыныс жасаймыз" деді Джонсон.

Джонсон корольдік төлқұжатын алуға құқығы бар Гонконгтің барлық тұрғынына азаматтық беру мәселесін қарастыратынын айтты. Бұрын Ұлыбритания отарында болған Гонконгтің шамамен 350 мың тұрғынында осындай құжат бар және тағы 2,6 млн адамның оны алуға құқығы бар. Қазір мұндай төлқұжат Ұлыбританияда жұмыс істеуге немесе азаматтық алуға жарамсыз, бірақ премьер-министр корольдік виза жүйесін өзгертіп, мұндай шектеуді алып тастауға дайын екенін жеткізді.

Қарай отырыңыз: "Қытай бізді құл етеді". Пекин Гонконгті заңмен матағысы келеді (2 маусым 2020 жыл).

"Қытай бізді құл етеді". Пекин Гонконгті заңмен матағысы келеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:08:16 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG