Accessibility links

Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған ер адам ауруханаға жағдайы ауыр күйде түскен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған ер адамда ілеспе аурулар болған, ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болған.

"Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған адам 1958 жылы туған. Провизорлық госпитальге түскен кезде дене қызуы 38,7 болған, демігіп, жөтеліп, әлсіздік барын, асқа тәбеті жоғын, дәм, иіс сезу қабілетінің азайғанын айтқан. COVID-19 ауыр түрі және екіжақты пневмония диагнозы анықталғаннан кейін инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Коронавирус ауруын асқындырып жіберген" деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдері.

Науқаста екінші дәрежедегі қант диабеті, артериалды гипертензия сияқты ілеспе аурулар болған.

Қарағанды облысында коронавирустан 5 адам қайтыс болған. 1072 адамға вирус жұққан. 379 адам жазылған. Денсаулық сақтау министрлігі 4 маусымда түнде коронавирустан төрт адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Елде коронавирустан барлығы 52 адам қайтыс болған. Бейсенбі күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұққан тағы 37 адам көз жұмған, бірақ олардың өліміне коронавирус емес, басқа ауру себеп деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG