Accessibility links

Тәжікстан: Эпидемиология ережелерін бұзғандар айыппұл төлеп, түрмеге қамалуы мүмкін


Тәжікстан парламентінің мүшелері. Душанбе, 10 маусым 2020 жыл.
Тәжікстан парламентінің мүшелері. Душанбе, 10 маусым 2020 жыл.

10 маусымда Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы айналаға қауіпті ауруды таратқаны үшін 2 жыл мен 5 жылға аралығында бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Егер бұл жағдай қайталанса, күдікті 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Әділет министрі Музаффар Ашуриен жазаның санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзғандарға қатысы бар деп мәлімдеді.

Қазіргі заң бойынша, жұқпалы ауруды қасақана таратқандарға 5,8 мың доллар көлемінде айыппұл салу немесе 2 жылға дейін түзету мекемесіне жіберу жазасы қарастырылған.

Жаңа құжатқа сай, көшеге маскасыз шыққандарға - шамамен 28 доллар көлемінде айыппұл, пандемия туралы жалған ақпарат таратқандарға: жеке тұлғаларға - 112 доллар, заңды тұлғаларға 11290 доллар көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Соңғы мәлімет бойынша, Тәжікстанда 4690 адамнан коронавирус табылған, 48 адам қайтыс болған. Әлеуметтік желі қолданушылары, тұрғындардың көбі ресми статистикаға күмән келтіріп, елде науқастар билік айтқаннан гөрі әлдеқайда көп деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG