Accessibility links

ДДСҰ: Ресейде коронавируспен байланысты адам өлімінің аз болу себебін түсіндіру қиын


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде коронавирус инфекциясымен байланысты адам өлімі көрсеткішінің төмен болу себебін түсіндіру қиын. Бұл туралы сәрсенбі күнгі брифинг кезінде ДДСҰ-ның төтенше жағдай жөніндегі бағдарлама жетекшісі Майкл Райан мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда Ресейдің халық санын ескергенде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны өзге елдермен салыстырғанда төмен және оның себебін түсіндіру қиынға соғады.

Райанның сөзіне қарағанда, Еуропада денсаулық сақтау жүйесі Ресейдікімен ұқсас елдерде адам өлімінің көрсеткіші жоғары.

"Ресей билігі адам өлімінің себебін мұқият талдауы тиіс, ешқандай қате кетпегеніне көз жеткізуі керек" деді ол.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Ресей әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны жағынан АҚШ және Бразилиядан кейін үшінші орында тұр. Мұнда 493 мың адамнан коронавирус табылған. Адам өлімі жағынан әлемде 13-орында тұр. Елде 6350 адамнан коронавирус анықталған.

Бұған дейін бірқатар халықаралық басылымдар Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны ресми статистикада келтірілген көрсеткіштен 70 пайызға артық болуы мүмкін деп топшылаған. Тәуелсіз сарапшылар аймақ басшылары деректерді бұрмалауы мүмкін деп санайды. Ал билік мұны жоққа шығарады.

Оқи отырыңыз: Ресей батыс басылымдарын вирустан қайтыс болғандар саны туралы мақалаларды жоққа шығаруға шақырды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG