Accessibility links

Павлодар облысында 59 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болды


Аурухана маңында жүрген медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Аурухана маңында жүрген медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Павлодар облысында коронавирустан 59 жасқа шыққан әйел адам қайтыс болды. Бұл туралы 12 маусымда кешке қарай денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Адам өлімін зерттеу комиссиясы науқас коронавирустан қайтыс болды деген шешім қабылдаған. Науқас туралы басқа ақпарат айтылмайды.

Бұл коронавируспен байланысты облыста тіркелген тоғызыншы адам өлімі. Коронавируспен байланысты адам өлімі жағынан Павлодар облысы республикада Алматы (10), Нұр-Сұлтан (14), Шымкенттен (10) кейін төртінші орында тұр.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, COVID-19-дан 68 адам қайтыс болған. 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұққан 37 науқас "өзге аурулардан" қайтыс болды, коронавирус инфекциясы оларда ілеспе ауру түрінде кездескен деп мәлімдеген. COVID-19 анықталған бірақ "басқа аурудан қайтыс болды" делінген науқастар елде негізгі статистикаға енгізілмейді. Егер оларды қоса есептесе, елде "коронавирус құрбандары" жүзден асып кетеді.

Әлем елдерінің басым бөлігі коронавирус жұққан қайтыс болған барлық науқастарды негізгі статистикаға енгізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай кеңес берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG