Accessibility links

Алматы облысының әкімі коронавирус жұқтырды


Алматы облысының әкімі Амандық Баталов
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан COVID-19 анықталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.

“Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі, соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру белгісіз өтуге. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады” деп жазды Жүкел Facebook-те.

Өткен аптада Баталов облыстағы Ұйғыр ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездескен болатын. Әкімнің сапарына аудандағы қазақ және ұйғыр жастарының төбелесі түрткі болды.

68 жасқа шыққан Амандық Баталов Алматы облысының әкімі болып 2014 жылы тағайындалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG