Accessibility links

Жээнбековпен Мәскеуге барған екі адамнан вирус табылды. Президент Жеңіс парадына қатыспады


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков.

Ресейге барған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің екі көмекшісінен коронавирус табылып, қырғыз басшысы Жеңіс парадына қатыса алмай қалды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

"Алгоритмге сәйкес, президент Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысудан бас тартты. Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Данияр Сыдықов және күзет қызметінің өкілінен ауру анықталды" делінген президенттің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусым таңертең жарияланған видеода Сооронбай Жээнбековтің Кремльге келгені көрінген. Бірақ ол Ресей президенті Владимир Путинмен көпшілік алдында қол алысып, амандасқан мемлекет басшыларының арасында болмаған.

Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад Мәскеуде Нұр-Сұлтан уақытымен күндізгі сағат 1-де басталған. Оған қатысып жатқан мемлекет басшылары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Бұған дейін көптеген елдер эпидемиологиялық ахуалға байланысты парадқа қатысудан бас тартқан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG