Accessibility links

Түркіменстанда президент отставкасын талап еткен үнпарақтар тарап жатыр


Түркіменстанда тарады делінген үнпарақ. Сайттан алынған скриншот.
Түркіменстанда тарады делінген үнпарақ. Сайттан алынған скриншот.

Түркіменстан астанасы Ашғабат және елдің өзге де бірқатар қалаларында президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің суреті бар "Ұры" ("Güm bol!") және "Кет!" ("Ogry") деген жазуы бар үнпарақтар тарап жатыр. Бұл туралы Turkmen.news сайты хабарлады. Сайттың жазуынша, шетелдегі билікке қарсы акцияларынан кейін жергілікті белсенділер осындай мазмұндағы үнпарақтарды қоғамдық көліктер мен тұрғын үй подъездеріне, ықшам аудандардағы аулаларға қалдыра бастаған.

Turkmen.news сайтына сұхбат берген белсенділердің бірі елден тыс аумақта жүрген түркімен азаматтарының президент отставкасын талап еткен акциялары жайлы білетінін, мұнда тұрғындардың сол туралы ақпараттарды бір-бірімен бөлісіп жатқанын айтқан. Сұхбат кезінде ол тәуекелге барып отырғанын сезетінін, егер ұсталған жағдайға қатаң жазаға тартылуы мүмкін екенін де білетінін жеткізген.

Бұған дейін Түркия, Кипр және өзге елдерде түркімен азаматтары президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің биліктен кетуін талап етіп, акция өткізген еді. Соңғы рет мамыр айының соңында Түркіменстанның Стамбулдағы елшілігі алдында "Харамдағ, кет" деген жазуы бар плакат ұстаған адамдар "Адамдарды әбден ашындырды. Харамдағ, кет!" деп айқайлаған.

Оқи отырыңыз: Түркіменстанда билікке наразылық жиіледі​

Орталық Азиядағы ең жабық мемлекетте соңғы уақытта азық-түлік пен ақша жетіспей, жұмыссыздық жайлағаны хабарланған.

Түркіменстан билігі COVID-19 індетінің елге келгенін мойындамай отыр. Бірақ жергілікті дәрігерлер елде коронавирус жұқтырғандардың саны артып жатқанын айтқан.

Қарай отырыңыз: Халық аш, ал "Арқадағ" егіс алқабынан алғыс жинап жүр (19 маусым 2020 жыл).

Халық аш, ал "Арқадағ" егіс алқабынан алғыс жинап жүр
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:54 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG