Accessibility links

"Шекарасыз тілшілер" Қазақстан билігін тілшілерге шабуыл жасағандарды "сотқа тартуға" шақырды


Адам құқықтары жөніндегі бюро кеңсесінде журналистерге шабуыл жасаған белгісіз әйелдер. Алматы, 22 шілде 2019 жыл.
Адам құқықтары жөніндегі бюро кеңсесінде журналистерге шабуыл жасаған белгісіз әйелдер. Алматы, 22 шілде 2019 жыл.

Журналистер құқығын қорғайтын халықаралық “Шекарасыз тілшілер” ұйымы Қазақстан билігін бір жыл бұрын журналистерге шабуылдағандарды тауып, “сотқа тартуға” шақырды.

“Бір жыл бұрын Алматыдағы баспасөз маслихатында журналистерге шабуылдаған әйелдердің бірде-бірі жауапқа тартылған жоқ. Шабуылдағандар жайлы ақпарат және дәлел бола тұра тергеу тоқтатылған” деп жазды ұйым Twitter парақшасында.

2019 жылы 22 маусымда Қазақстандық адам құқығын қорғау халықаралық бюросының кеңсесінде өтуі тиіс баспасөз мәслихатына барған Азаттық тілшілері мен ҚазТАГ журналистеріне бір топ әйел шабуыл жасаған. Олар тілшілерге жұдырық жұмсап, журналистердің техникасын сындырған. Әйелдер бюро қызметкерлеріне де шабуылдаған.

Тілшілерге шабуыл қалай жасалды? (Алматы, 22 шілде 2019 ж.)

Хроника. Тілшілерге шабуыл қалай жасалды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:42 0:00

Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған. Полиция істі “Журналистердің кәсіби қызметіне шабуыл жасау” бабына жатқызудан бас тартты. Тергеу әлі жүріп жатыр, ешкімге айып тағылмады. Азаттық шабуыл жасағандардың біреуін анықтаған.

Лондондағы “Журналистерге әділдік” қорының есебінде Орталық Азияда, Әзербайжанда, Қазақстанда кейінгі үш жылда “журналистерге физикалық шабуыл үш есеге артқанын” жазған.

Қазақстанда “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау қорының есебінше, биылғы алты айда елде ондаған журналист шабуылға ұшыраған. Бірде-бір іс сотқа жетпеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG