Accessibility links

ЕО Ресей барлау қызметі мен Қытай, Солтүстік Корея компанияларына санкция салады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуроодақ елдерінің елшілері соңғы бірнеше жылда болған үш кибершабуылға байланысты Ресей барлау қызметі (ГРУ), Қытай және Солтүстік Кореяның компанияларына санкция салуды мақұлдады.

Бірнеше ақпарат көзі 22 шілдеде Азаттық тілшісіне ЕО елшілерінің ГРУ, қытайлық Huaying Haitai Science and Technology Development Co және солтүстіккореялық Chosun Expo компанияларының активтерін бұғаттау туралы шешім қабылдағанын айтты.

Ақпарат көзінің айтуынша, бұған қоса, одақ елшілері Қытай мен Ресейдің алты азаматына виза беруге тыйым салуды жоспарлап отыр. ЕО WannaCry, NotPetya және Cloud Hopper кибершабуылдарының артында осы адамдар тұр деп есептейді. Алты адамның аты-жөні әзірге белгісіз.

Бұл санкциялар осы айдың соңына дейін қабылданады. Осылайша былтыр ЕО қабылдаған киберсанкция режимін алғаш рет қолданылып отыр. Жаңа режим кибершабуылдарға қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғаларға визалық шектеу енгізіп, активтерін бұғаттауға мүмкіндік береді.

ЕО мүшелері мен әлемдегі бірқатар мемлекеттер Ресей, Қытай, Солтүстік Кореяның арнайы қызметінің қатысы бар кибершабуылдар нысаны болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG