Accessibility links

Қазақстан ауруханаларында 45 мың адам пневмониядан емделіп жатыр


Ауруханада науқасқа дәрі салып жатқан медицина қызметкері.
Ауруханада науқасқа дәрі салып жатқан медицина қызметкері.

Қазір Қазақстан ауруханаларында 45 мың науқас пневмониядан емделіп жатыр. Бұл туралы 23 шілде күнгі брифинг кезінде бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова хабарлады.

- Соңғы 20 күн ішінде 63 491 адам ауруханаға түсті. Қазір стационарларда 45 мың науқас емделіп жатыр, - деді Есмағамбетова.

Ресми мәлімет бойынша, қаңтар мен шілде айы аралығында Қазақстанда 234 187 адам пневмонияға шалдыққан. Бұл есепке пневмонияның барлық түрлері: вирустық, бактериалдық, зең ауруы және "коронавирус белгілеріне ұқсас" түрі кірген.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі індеттен кейін күрт өршіген пневмония статистикасын COVID есебіне қосатынын хабарлаған еді. Бірақ осы аптада министр Алексей Цой коронавирус пен пневмония көрсеткіштері жеке көрсетіледі және оған бұған дейін тіркелген пневмония есебі (234 187) қосылмайды деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Пневмонияны COVID-19 статистикасында "жеке көрсетеді", бұған дейін тіркелгендер қосылмайды

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 76 799 адамнан коронавирус табылған. 610 адам қайтыс болған. Кейбір сарапшылар елде вирус жұқтырғандар мен індетпен байланысты адам өлімі бұдан да көп деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG