Accessibility links

Сәтбаевта ұсталған адам "бала ұрлады" және "зорлады" деген күдікке ілінді


Сәтбаев қаласы.

Жұма күнгі брифинг кезінде министр Қарағанды облысы Сәтбаевтағы оқиғаға байланысты бірнеше қылмыстық қозғалғанын айтты.

- 23 шілдеде Сәтбаев қаласының полициясына 5 жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу тергеу-жедел тобы құрылып, іздеу жұмыстары жүргізілді. Бала бірнеше сағаттан соң көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерден табылып, дәрігерлерге тапсырылды. Осы пәтерден күдікті ұсталып, ішкі істер органына жеткізілді. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптама тағайындалды. Күдіктінің әрекетіне байланысты екі бап бойынша адам ұрлау және бала зорлау баптары бойынша қылмыстық іс тіркелді, - деді Тұрғымбаев.

Бұған дейін жұмаға қараған түні Сәтбаев қаласында жүзден астам тұрғынның "бала ұрлады" деп күдікке ілінген адамның пәтері маңына жиналып, күдіктіні жазалау үшін қолға беруді талап еткені белгілі болған еді. Бірнеше адам терезе арқылы пәтерге кірмек болған. Бұл туралы министр:

- Бірнеше адам күдіктіні қолға беруді талап етіп, жанжал шығарды. Бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты. Тәртіпсіздікке жол бермес үшін қосымша күштер тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, - деді.

Оқи отырыңыз: Сәтбаев қаласында жүзден астам адам "бала ұрлаған" күдіктіні қолға беруді талап еткен

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG