26 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1402 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 589 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нұр-Cұлтан қаласында - 292, Алматы қаласында - 221, Шығыс Қазақстан облысында - 171, Қарағанды облысында 106 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.
Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысы (23) мен Қызылорда облысында (8) тіркелген.
Аймақтар бойынша жағдай мынадай:
- Алматы қаласы - 10 712 (+221 адам жаңадан қосылды),
- Атырау облысы - 9988 (+37),
- Нұр-Сұлтан қаласы – 10 070 (+292),
- Қарағанды облысы – 8 058 (+106),
- Шығыс Қазақстан облысы – 5 492 (+171),
- Батыс Қазақстан облысы - 5 394 (+88),
- Шымкент қаласы – 4 708 (+54),
- Алматы облысы – 4 030 (+38),
- Жамбыл облысы – 3 288 (+52),
- Ақтөбе облысы – 2 947 (+25),
- Павлодар облысы – 2 880 (+54),
- Қызылорда облысы – 2 738 (+8),
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2779 (+74),
- Маңғыстау облысы – 2 699 (+45),
- Түркістан облысы – 2 615 (+23),
- Ақмола облысы – 2 370 (+56),
- Қостанай облысы – 2 354 (+58).
Ресми дерек бойынша, 83 122 адамға коронавирус жұққан. 51 823 адам жазылған. 21 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 610 адам қайтыс болған. COVID-19 жұққан 319 адам "ілеспе аурудан" қайтыс болған.
Бірақ кейбір сарапшылар коронавирус жұққандар мен одан қайтыс болғандар бұдан әлдеқайда көп деп санайды.
ПІКІРЛЕР