Accessibility links

Хабаровскіде тұрғындар Кремльдің шешіміне қарсы тағы көшеге шықты


Хабаровскідегі митинг. 26 шілде 2020 жыл.
Хабаровскідегі митинг. 26 шілде 2020 жыл.

Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск қаласында 26 шілдеде жүздеген адам көшеге шығып, өлке басшысы Сергей Фургалды босатып, қызметіне қайта тағайындауды талап етті. "Адам өлтіруге оқталды" деп айыпталған Фургал қазір Мәскеудегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Оның жақтастары істің саясиланғанын айтады. Өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған Фургал шамамен екі жыл бұрын губернаторлар сайлауында Кремль кандидатын жеңген еді.

600 мың тұрғыны бар қалада наразылық шарасы екі аптадан астам уақыттан бері жалғасып келеді. Наразылар бұған дейін президент Владимир Путинді де отставкаға жіберуді талап еткен. Қала билігінің коронавирусқа байланысты акция өткізбеу туралы ескертуіне қарамастан сенбі күнгі шараға 50 мыңға дейін адам жиналған. Ал Хабаровск әкімдігі шараға шамамен 6500 адам келді деп мәлімдеді.

26 шілдеде Путин тағайындаған Хабаровск өлкесі губернаторы міндетін уақытша атқарушы Михаил Дегтярев алғаш рет наразылар алдына шықты. Шеру аяқталар сәтте шағын топқа бұрылған Дегтярев арнайы "кеңес" құруды жоспарлап отырғанын және оған азаматтар Фургал мәселесі бойынша хабарласа алатынын жеткізді. Ол Фургалға байланысты кез келген сот ашық өтуі тиіс деді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG