27 шілде күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 1526 адамнан анықталды. Вирус жұқтырған 656 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Алматы қаласында - 253, Нұр-Cұлтан қаласында - 250, Шығыс Қазақстан облысында - 179, Қарағанды облысында 118 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір тәулікте анықталған вирус жұқтырғандар жүзден аспайды.
Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысы (11) мен Шымкент қаласында (25) тіркелген.
Аймақтар бойынша жағдай мынадай:
- Алматы қаласы - 10 965 (+253 адам жаңадан қосылды),
- Атырау облысы - 10 053 (+65),
- Нұр-Сұлтан қаласы – 10 320 (+250),
- Қарағанды облысы – 8 176 (+118),
- Шығыс Қазақстан облысы – 5 671 (+179),
- Батыс Қазақстан облысы - 5 480 (+86),
- Шымкент қаласы – 4 733 (+25),
- Алматы облысы – 4 115 (+85),
- Жамбыл облысы – 3 339 (+51),
- Ақтөбе облысы – 2 958 (+11),
- Павлодар облысы – 2 937 (+57),
- Қызылорда облысы – 2 807 (+69),
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2 849 (+70),
- Маңғыстау облысы – 2 743 (+44),
- Түркістан облысы – 2 663 (+48),
- Ақмола облысы – 2 422 (+52),
- Қостанай облысы – 2 417 (+63).
Ресми дерек бойынша, 84 648 адамға коронавирус жұққан. 54 404 адам жазылған. 21 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 610 адам қайтыс болған. COVID-19 жұққан 319 адам "ілеспе аурудан" қайтыс болған.
Бірақ кейбір сарапшылар коронавирус жұққандар мен одан қайтыс болғандар бұдан әлдеқайда көп деп санайды.
ПІКІРЛЕР