Accessibility links

Індеттің кесірінен жарты миллион өзбек мигранты шетелге шыға алмай қалған


Новосибирск әуежайынан Өзбекстанға ұшу үшін төлқұжаттарын тексертіп тұрған өзбек мигранттары. 23 мамыр 2020 жыл.
Новосибирск әуежайынан Өзбекстанға ұшу үшін төлқұжаттарын тексертіп тұрған өзбек мигранттары. 23 мамыр 2020 жыл.

Індет кезінде енгізілген шектеу шараларының кесірінен шамамен 500 мың өзбек мигранты шетелге жұмыс істеуге бара алмай қалған. Бұл туралы осы апта басында Өзбекстанның еңбек және халық қатынасы министрлігінің баспасөз хатшысы Рахимжон Махкамов хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда шетелге шыға алмай қалған 76,2 мың мигрант елде жұмысқа орналастырылған. Атап айтқанда, 68,7 мың адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Оларға жалақы төлеу үшін қоғамдық жұмыс қорынан 21,8 млрд сом (2,1 млн доллар) бөлінген.

2020 жылы қаңтар-маусым айларында өзге елдерде жұмыс істеп келген 219 657 адам Өзбекстанға оралған. Олардың 122 805-і – Ресейден, 63 636 – Қазақстан, 22 697 - Оңтүстік Корея, 7 144 мигрант Түркиядан келген.

Министрліктің айтуынша, шетелген оралғандардың жартысы жұмысқа орналастырылған.

Эпидемия басталғанға дейін Ресейде шамамен екі миллион өзбек мигранты бары айтылған еді. Қазақстанның ресми органдарының мәліметінше, 2019 жылы Қазақстанда 394 мың өзбек мигранты болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG