Accessibility links

Қазақстан тұрғындары көшеде маска тағуға міндеттелді


Маска таққан қыз. Алматы, 22 маусым 2020 жыл.
Маска таққан қыз. Алматы, 22 маусым 2020 жыл.

Қазақстан тұрғындары көшеде маска тағып жүруі тиіс. Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қаулысында осылай деп жазылған.

Бас санитар дәрігер қаулысында дәріхана, дүкен, кеңсе, мекеме сияқты жабық ғимараттармен қатар көлік пен көшеде жүрген азаматтардың "маска тағып жүруі міндетті" екені айтылған. Онда сонымен бірге covid белгілері байқалған адамға көмек көрсеткендердің және коронавирус белгілері (дене қызуы көтеріліп, жөтелсе, түшкірсе) байқалған адамдардың маска тағуы тиіс екені жазылған.

Бас санитар дәрігер бұл ережелерді орындамағандарға әкімшілік шара қолданылатынын ескерткен.

Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзған азаматтарға - 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (83 340 теңге немесе шамамен 200 доллар), заңды тұлғаларға 230 айлық есептік көрсеткішке (638 940 теңге немесе 1535 доллар) дейін айыппұл салынады.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 87 664 адамнан коронавирус табылған. 57 815 адам жазылған. 28 шілде күнгі мәлімет бойынша, COVID-тан 793 адам қайтыс болған. Осы аптада билік өкілдері 3 тамыздан бастап карантин шараларын тағы екі аптаға созатынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG