Accessibility links

Билік тамызда карантинде табыссыз қалғандарға 42500 теңгенің жартысын төлемек


Дәріхана алдында кезекте тұрған тұрғындар.

Қазақстанда карантин тағы екі аптаға, 2 тамыздан - 16 тамызға дейін созылады, одан кейін шектеу шаралары жұмсара бастайды. Билік осы аралықта жұмыссыз қалғандарға 42500 теңгенің (шамамен 102 доллар) жартысын - 21250 теңге (шамамен 51 доллар) төлейді.

Бұл туралы 30 шілде күні вице-премьер Ералы Тоғжанов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдің брифингінде айтылды.

"Карантин ұзартылғаны үшін міндетті түрде төлем төленеді. Бірақ 42500 теңге соманың жартысы ғана - 21 250 теңге беріледі" деді Тоғжанов.

Бұған дейін карантин кезінде табыссыз қалған азаматтарға үкімет ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 42 500 теңгеден төлеген еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, шілдеде бұл қаржылай көмек 1,8 млн адамға берілген.

Билік 21250 теңге көмек қалай берілетінін алдағы күндері түсіндірмек.

Бұған дейін кейбір азаматтар мемлекет берген қаржылай көмектің мардымсыз екенін айтып шағымданған.

  • 16x9 Image

    Нұргүл ТАПАЕВА

    Нұргүл Тапаева 2012 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылдан бастап қалалық, облыстық, республикалық телеарналарда журналист, редактор болып жұмыс істеген. 2016 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG