Accessibility links

Минскіде Лукашенконың қарсыласын қолдау митингісіне 60 мыңнан аса адам шықты


Беларусьте сайлау алындағы ең ірі бейбіт митинг қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Беларусьтегі сайлау алындағы ең ірі бейбіт митинг қалай өтті?

30 шілде күні Беларусь астанасы Минскіде сайлауалды науқаны басталғалы бері ең ірі оппозициялық митинг өтіп, оған ондаған мың адам қатысты.

"Вясна" құқық қорғау орталығының ақпаратына сәйкес, президенттік сайлауға түскен үмітке Светлана Тихановскаяны қолдау митингісіне кемі 63 мың адам келген.

Митинг елді 26 жыл басқарған Александ Лукашенкоға деген наразылық артқан тұста өтті. Шара барысынды сөз сөйлеген Тихановская оппозицияның революцияны емес, "әділ сайлауды" қалайтынын айтты.

Беларусьті 1994 жылдан бері басқарып отырған Лукашенко өзін алтыншы мерзімге ұсынып отыр.

Тихановскаяның айтуынша, ол сайлауға күйеуі Сергей Тихановский қамалған соң түскен. Танымал видеоблогер Сергей Тихановский қамалғанға дейін президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеген.

Митинг Беларусь билігі Тихановский мен қамауда жатқан өзге де оппозициялық саясаткерлердің ресейлік "Вагнер тобы" жекеменшік әскери компаниясының Беларусь полициясы ұстап алған 33 мүшесімен байланысын тергейтінін мәлімдеген соң өтті. Минск "Вагнер тобы" мүшелерін ұстап алғанын 28 шілде күні хабарлап, оларды 9 тамыздағы президенттік сайлау алдында елдегі тұрақтылықты шайқалтқысы келген деп айыптады.

Лукашенконың "зомбилері". Беларусь әскері наразылықты басып-жаншуға қалай дайындалып жатыр?

Лукашенконың "зомбилері". Беларусь әскері наразылықты басып-жаншуға қалай дайындалып жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:57 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG