Accessibility links

Қырғызстан: Сирияға кеткен азаматтардың туыстары жақындарын қайтаруға көмектесуді сұрады


Сирияда қалып қалған қырғыз азаматтарының туыстары биліктен көмек сұрап, акция өткізіп жатыр.
Сирияда қалып қалған қырғыз азаматтарының туыстары биліктен көмек сұрап, акция өткізіп жатыр.

Сирияға кеткен қырғыз азаматтарының туыстары 3 тамызда Бішкекте акция өткізіп, президент Сооронбай Жээнбековтен жақындарын туған еліне қайтаруға көмектесуін сұрады.

Акцияға қатысушылардың сөзіне қарағанда Сириядағы босқындарға арналған "Әл-Хол" лагерінде Қырғызстанның жүзден аса азаматы отыр, олардың әрқайсысында бірнеше бала бар.

Сирияға кеткен қырғызстандықтардың туыстары бұған дейін биліктен көмек сұрап, үкімет олардың жақындарын қайтаруға күш салатынын айтқан еді.

Сирия солтүстігіндегі "Әл-Хол" лагерінде "Ислам мемлекеті" экстремистік тобында болған содырлардың отбасы тұрады, лагерьді қазір күрд жасақтары бақылайды. Онда ондаған мың әйел мен бала бар, олардың арасында Орталық Азиядан келгендері де бар.

2019 жылы қазан айында Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия аумағындағы лагерьлерде шамамен 500 қырғызстандық тұрып жатыр деп мәлімдеген еді. Ведомство жетекшісінің орынбасары Мирлан Тургунбаевтың сөзінше, Қырғызстан билігі азаматтарын еліне қайтару үшін халықаралық ұйымдар мен Қырғызстанның Түркиядағы дипломатиялық корпусымен келіссөз жүргізіп жатыр. Үкіметте Сирия мен Ирактағы қырғыздарды қайтару бойынша жұмыс тобы құрылған.

2020 жылы ақпан айының соңында Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Сирия аумағындағы күрделі ахуалдың кесірінен әзірге қырғызстандықтарды эвакуациялауға болмайды деп мәлімдеген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG