Accessibility links

"Маған қарсының бәрі шетел агенті". Лукашенко саяси қарсыластарын айыптады


Александр Лукашенко парламентте жолдау жолдап тұр. 4 тамыз 2020 жыл.
Александр Лукашенко парламентте жолдау жолдап тұр. 4 тамыз 2020 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко 9 тамыздағы сайлау алдында саяси қарсыластарын 90 жылдардағыдай елдің "быт-шытын "шығарғысы келетін "шетел агенттері" деп айыптады. Ол өз қарсыластарын "шеттен ақша алып отыр" дейді.

Лукашенко қарсыластарының 1994 жылғы Конституцияны қайтару туралы талабын орындамайтынын айтты. 94 жылғы Конституцияға сай, президент тек екі рет сайлауға түсе алатын.

"Елде өзгерісті, реформаны, ескі Конституцияны қайтаруды талап етіп жүргендер 90 жылдардағы қиын жағдайға әкелгісі келеді. Тау-тау алтын уәде еткендерге сенбеңіздер" деді Лукашенко 4 тамызда парламенттегі жолдауында.

Ол "94 жылғы Конституцияны қайтарсақ, елде анархия орнайды. Бұл Конституцияны қайтарсақ, қылмыскерлерге сыйлық жасағанымыз. 90 жылдардағы жабайы өмірге оралмаймыз" деді. Лукашенконың өзі осы Конституция кезінде президент болып сайланған еді.

"Елдің шырқын бұзу үшін миллиард [ақша] жұмсалып жатыр. Сондықтан беларусьтықтардың Лукашенкоға қарсы шығатын негіз жоқ. Ал Лукашенкоға қарсылардың бәрі – шетел агенті" дейді ол.

Батыс дипломаттары Беларусьты Еуропадағы ең соңғы диктаторлық ел деп атайды. Елді 26 жыл басқарған Лукашенко 9 тамыз алдында қиын жағдайға тап болды. Беларусьта президенттікке кандидат Светлана Тихановскаяның сайлауалды шараларына мыңдаған адам келіп жүр. Еріктілердің есебінше, Минсктегі Тихановскаяның шарасына кем дегенде 63 мың адам келген. Сайлау алдында елде Лукашенкоға деген қарсылық та күшейді. Жұрттың көбі елде өзгеріс болғанын қалайды.

Бірақ біраз сарапшы Лукашенко түрлі құйтырқы әрекеттер жасап, сайлауды жеңіске жетеді деп ойлайды.

Лукашенко 4 тамыздағы жолдауында саяси қарсыластары Беларусь жастарын "саяси мақсатта қолданып отыр" деп те айыптады.

Лукашенконың қарсыласының бірі, елде қамалу қаупінен соң Киевке кеткен Валерия Цепкало "Настоящее время" телеарнасына берген сұхбатында "сайлаудан кейін елде жаппай наразылық басталса, Лукашенко елден қашып кетеді" деді.

Цепкалоның пайымдауынша, мыңдаған адам наразылыққа шықса Лукашенко әскер мен арнайы жасақты қолдануы мүмкін, ал жүздеген мың адам наразылық танытса, әскерге бұйрық бере алмайды.

"Беларусь әскері өз халқына қарсы шығады деп ойламаймын" деді ол.

Лукашенконың қарсыласы Светлана Тихановская сайлауда жеңіске жетсе елде қайта президент сайлауын өткізуге уәде берген.

Батыс елдері мен ЕҚЫҰ Беларусь еліндегі бірде-бір сайлауды заңды өтті деп мойындамаған.

Беларусьта сайлау алындағы ең ірі бейбіт митинг қалай өтті?

Беларусьте сайлау алындағы ең ірі бейбіт митинг қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG