Accessibility links

Қазақстанда өткен тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус табылды, 30 адам қайтыс болды


Аурухана алдында тұрған маска таққан адам. Алматы, шілде айы 2020 жыл.

6 тамызда Қазақстанда 980 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бір күнде 30 адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тәулік көрсеткіші бойынша әдеттегідей Нұр-Сұлтан (186) және Алматы (175) қалалары көш бастап тұр. Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе (2) облысында тіркелген.

Қазақстанда барлығы 96 922 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған.

Алматы қаласында - 12 995 (+175 адам жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласында -12 530 (+186),
Атырау облысында - 10 511 (+44),
Қарағанды облысында - 9 160 (+85),
Шығыс Қазақстан облысында - 7 045 (+92),
Батыс Қазақстан облысында - 6 160 (+58),
Шымкент қаласында - 5 070 (+26),
Алматы облысында - 4 623 (+46),
Жамбыл облысында - 3 804 (+40),
Павлодар облысында - 3 469 (+22),
Солтүстік Қазақстан облысында - 3 419(+45),
Қызылорда облысында -3 143 (+33),
Ақтөбе облысында - 3 085 (+2),
Маңғыстау облысында - 3 063 (+33),
Қостанай облысында - 2 988 (+35),
Түркістан облысында - 2 929 (+27),
Ақмола облысында - 2 928 (+31).

Ресми мәлімет бойынша, коронавирустан жазылып шыққандар бір күнде 1 809 адамға артып, 70 680­-ге жетті. Вирустан барлығы 1189 адам қайтыс болған. Бұл дерекке коронавирус инфекциясын жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген адамдар мен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандар кірмей отыр.

Қазақстан 2 тамызда алғаш рет зертханалық анализбен расталмаған коронавирустық пневмония дерегін жариялай бастады. Бірақ оған 1 тамызға дейін тіркелген науқастар енбеген.

Coronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 1 тамыздан бастап 9 584 адамның коронавирустық пневмонияға шалдыққаны расталып, дерттен 102 адам көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG