Twitter корпорациясы бейсенбі күні жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттер органдар, бұған қоса мемлекеттік БАҚ және онымен байланысты аккаунттарды белгілейтінін хабарлады.
Корпорацияның хабарламасында бұл Twitter қолданушылары мен мемлекет өкілдері арасында коммуникацияны жеңілдету және ашық ету мақсатында жасалып отыр деп жазылған.
Қазір БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесіне (Ресей де бар) қатысты аккаунттар белгіленген.
Мемлекет басшыларының аккаунттары әзірге белгіленген жоқ, бірақ Ақ үй мен британ премьер-министрінің ресми аккаунттарына белгі қойылған.
Мемлекеттік БАҚ немесе оған қатысы бар ақпарат құралдарына редакция саясатына мемлекет тікелей араласқан ақпарат құралдары жатады. Егер мемлекеттен қаржыландырылатын БАҚ тәуелсіз жұмыс істесе, белгіленбейді. Ресейлік RT телеарнасы мен оның бас редакторы Маргарита Симоньян, Риа "Новости", ТАСС, қытайлық Синьхуа, ағылшын тілінде шығатын қытайлық "Жэньминь жибао" басылымдарының аккаунттарына да белгі қойылған.
Бұған дейін Facebook те осыған ұқсас саясат жүргізген еді.
ПІКІРЛЕР