Accessibility links

Гонконгте оппозициялық баспагер Джимми Лай кепілдікпен босап шықты


Медиамагнат Джимми Лай.
Медиамагнат Джимми Лай.

Гонконгте "ұлттық қауіпсіздік туралы заңды бұзды" деп күдікке ілінген медиамагнат Джимми Лай кепілдік қалдырып, қамаудан босап шықты. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады. Басылымның жазуынша, сондай шартпен өзге де белсенділер бостандыққа шыққан.

Полиция бөлімшесінің алдында Лайды қаладағы демократиялық қозғалыс жақтаушылары қарсы алған.

Джимми Лай және тағы жеті адам (арасында Лайдың екі ұлы және ол басқаратын корпорациядағы топ-менеджерлер де бар) жақында қабылданған ұлттық қауіпсіздік туралы заңды бұзды деген күдікке ілініп, қамалған еді.

Оқи отырыңыз: Қытай қарсылыққа қарамастан Гонконгте ұлттық қауіпсіздік кеңсесін ашты

Медиамагнат "өзге елдермен астыртын байланысты, бүлікке шақыратын сөздер айтты және алаяқтық жасады" деген күдікке ілініп отыр. Бұл баптар бойынша өмірлік түрме жазасы да қарастырылған.​

30 маусым күні Қытайдың жоғарғы заң шығару органы Гонконгтегі "ұлттық қауіпсіздік заңын" қабылдаған. Қауіпсіздік туралы заңға сәйкес, Пекин сатқындық, сепаратизм немесе терроризм деп тапқан кез келген әрекетті жасаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл заң Гонконгтің өзі ішінде және Батыс елдері тарапынан қатаң сынға ұшыраған. Олар заң Гонконгте саяси қуғынды күшейтеді, тұрғындардың бостандығын шектейді деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG