Accessibility links

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен вирустық пневмониядан 29 адам қайтыс болған


Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.

Қазақстанда 12 тамызда белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққан 972 адам анықталған, 7 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 1-12 тамыз аралығында коронавирустық пневмонияға шалдыққан 15 732 адам анықталған. 188 адам қайтыс болған.

Ведомство бір күнде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдар саны туралы да хабарлады. 12 тамызда коронавирустан 22 адам қайтыс болған. Елде коронавирустан кемінде 1335 адам көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне оның ішінде Қазақстанға да коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсайтын, бірақ зертханалық талдаумен расталмаған пневмония түрін біріктіруге кеңес берген. Ресми сайтында да халықаралық ұйым Қазақстандағы Covid статистикасын солай біріктіріп көрсеткен. Егер екі көрсеткішті қосса, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар – 117 104 адамға жетеді.

Бірақ бұл да толымсыз дерек. Өйткені, бұл дерекке 1 тамызға дейінгі тіркелген пневмония мен одан қайтыс болғандар есебі кірмеген. Ал Қазақстанда пневмония негізінен маусым және шілде айларында өршіген. Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін коронавирустық пневмония есебі бөлек жүргізілмегендіктен оған жалпы пневмонияны қоспаймыз деген болатын.

Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан тамызға дейін пневмонияға (пневмонияның барлық түріне) 256 мың адам шалдыққан. Бұл – өткен жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда 3,3 есе көп көрсеткіш. Былтыр осы аралықта өкпе ауруынан 2,3 мың адам қайтыс болса, биыл төрт мыңнан астам адам көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG