Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 337 адамнан коронавирус анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

16 тамыз күні Қазақстанда 337 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырған 165 адамда ауру белгілері болған, 172 адамда коронавирус симптомы байқалмаған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Алматыда – 51, Қарағанды облысында – 37, Шығыс Қазақстан облысында – 36, Нұр-Сұлтан қаласында 34 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталған. Шымкент қаласында 4 науқас, Ақтөбе облысында 2 науқас тіркелген. Ал Қызылорда облысында тәулік ішінде бір де бір адам коронавирус анықталмаған.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

Алматы қаласы - 13 877 (+51 адам жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласы -13 578 (+34),
Атырау облысы -10 717 (+10),
Қарағанды облысы - 9 788 (+37),
Шығыс Қазақстан облысы - 7 803 (+36),
Батыс Қазақстан облысы - 6 561 (+24),
Шымкент қаласы - 5 150 (+4),
Алматы облысы - 4823 (+5),
Жамбыл облысы - 3 999 (+10),
Солтүстік Қазақстан облысы - 3 750 (+25),
Павлодар облысы - 3 685 (+22),
Маңғыстау облысы - 3 263 (+14),
Қостанай облысы - 3 260 (+19),
Қызылорда облысы -3 212 (+0),
Ақмола облысы - 3 236 (+24),
Ақтөбе облысы - 3 167 (+2),
Түркістан облысы - 3 164 (+20).

Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталғандар ресми мәлімет бойынша, 103 033-ке жеткен. Бір күнде 1219 адам жазылған. Эпидемия басталғалы бері 82 777 адам жазылған. Бұл науқастардың шамамен 83 пайызын құрайды.

Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 119 781 адамға жеткен. Халықаралық ұйым белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандарды (1 тамыздан бері тіркелгендерін ғана) Covid статистикасына қосып есептеп отыр. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі шілде айының ортасында екі көрсеткішті қосатынын айтқанмен кейінірек бұл ниетінен айнып қалды.

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирустан 1397 адам қайтыс болған. "Коронавирустық" пневмониядан 216 адам қайтыс болған. Бұл мәліметке коронавирус жұққан, бірақ арнайы комиссия "вирустан емес, ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған адамдар өлімі енгізілмеген. Бұған қоса, 1 тамызға дейін "коронавирустық пневмониядан" қайтыс болғандар саны да беймәлім күйде қалып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG