Accessibility links

АҚШ-та Қытайға тыңшылық жасады деп күдікке ілінген барлау басқармасының бұрынғы қызметкері ұсталды


ЦРУ бөлімшесі вестибюліндегі эмблема.
ЦРУ бөлімшесі вестибюліндегі эмблема.

АҚШ-та Қытайға құпия ақпарат берді деп күдікке ілінген орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы қызметкері ұсталды. Бұл туралы АҚШ әділет министрлігі хабарлады. Күдіктінің аты-жөні – Александр Юк Цзинь Ма, 67 жаста, Гонконгте туған. Тергеушілердің айтуынша, оның ЦРУ-да сыбайласы да болған.

Әділет министрлігінің мәліметіне қарағанда, Александр Юк Цзинь Ма орталық барлау басқармасында 1982 жылдан бері жұмыс істей бастаған. Шанхайда тұрған, 2001 жылы Гавайға көшкен. Көшпес бұрын сыбайласымен бірге Қытай тарабына ЦРУ қызметкерлері мен операциялары жайлы дерек берген. Сыйақы мөлшері шамамен 50 мың долларды құраған.

2004 жылы Александр Юк Цзинь Ма ФБР-дің (федералдық тергеу бюросы) Гавайдағы бөлімшесінде аудармашы болып істеген, қытай барлаушыларына құпия деректердің көшірмесін жіберіп отырған. 2019 жылы көктемде және жазда ФБР-дің құпия агентін қытай барлаушысына балап, одан ақша алған. Осылайша оның тыңшылық әрекеті әшкереленген.

Александр Юк Цзинь Маның кінәсі дәлелденсе, өмірлік бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG