Accessibility links

Түркіменстанда бюджет қызметкерлерін отандық теледидарды сатып алуға мәжбүрлеп жатыр


Бюджет қызметкерлері сатып алуға мәжбүр "Толкун" теледидарлары.
Бюджет қызметкерлері сатып алуға мәжбүр "Толкун" теледидарлары.

Түркіменстан билігі бюджет қызметкерлерін отандық теледидарларды сатып алуға мәжбүрлеп, ақшасын жалақыларынан ұстайын деп отыр. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

"Фарапта бюджет қызметкерлері жергілікті смарт-теледидарларды сатып алу туралы нұсқаулық алған. 32 дюймдік "Толкун" телевизорының әрқайсысы 2400 манат (686 доллар) тұрады" деді Лебап облысындағы тілшілердің бірі.

Жергілікті билік бюджет қызметкерлеріне ай сайын жалақыларынан телевизор құны үшін 500 манат (143 доллар) ұстап қалатынын ескерткен, бірақ телевизордың өзін бюджет қызметкерлері 2021 жылдың қаңтар айында алмақ.

Түркіменстанның өзге аймақтарындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерін де телевизор сатып алуға мәжбүрлеген. Олар жұмыстан шығам ба деп қорыққандықтан келіскен.

Түркіменстан былтыр жыл соңында отандық смарт-теледидарларын шығара бастайтынын хабарлаған. 32, 42, 55-дюймдік телевизорларын "Айдын Гиджелери" біріккен кәсіпорны шығаруы тиіс болған. Ресми тұлғалар мамандардың шетелде оқығанын айтқан.

Алайда сарапшылар журналистерге елдің көп бөлігінде интернет жылдамдығы нашар болғандықтан смарт-теледидар функцияларын пайдалана алмайтынын айтқан.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, Түркіменстанда бюджет қызметкерлері мен студенттерден киім, спорт жабдықтары және тағы да өзге заттар сатып алу үшін жиі ақша жинайды.

2018 жылы жазда түркімен үкіметі "алғаш рет компьютер шығару ісін жолға қойғанын", шамамен 100 мың компьютер шығарғанын хабарлаған. Сол жылы "Айдын Гиджелери" кәсіпорны ноутбук пен планшет өндіре бастайтынын да айтқан.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, елде әлі де азық-түлік тапшы. Адамдар нан алу үшін ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG