Accessibility links

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 14 адам қайтыс болды


Науқастың рентген суретіне қарап тұрған медицина қызметкері.
Науқастың рентген суретіне қарап тұрған медицина қызметкері.

24 тамызда Қазақстанда белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 18 адам шалдыққан, 3 адам қайтыс болған. 31 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстан үкіметі коронавирустық пневмония есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп келеді. Тамыздың басынан осы күнге дейін коронавирустық пневмонияға барлығы 22 762 адам шалдыққан. Осы аралықта 261 адам қайтыс болған. 4 550 адам жазылған.

Ведомство мәліметінше, бір күнде Сovid жұққаны зертханалық талдаумен расталған 11 адам қайтыс болған. 807 адам жазылған. 13 наурыздан бері барлығы 1523 адам Covid-тен қайтыс болған. 93 405 науқас жазылған.

Қазір коронавирус инфекциясынан 9 963 адам емделіп жатыр. 49-ы – бала. 5 248 науқас стационарда жатыр. 308 адамның жағдайы – ауыр, 61 адамның жағдайы – өте ауыр. 47 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсайтын ауруға шалдыққандар есебін біріктіруге кеңес берген. Ұйым ресми сайтында екі көрсеткішті біріктіріп көрсеткен. Ондағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 127 461 адам Covid-ке шалдыққан.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі шілде айының ортасында бұл екі көрсеткішті біріктіретінін айтқанмен кейінірек бұл ниетінен айныған. Билік дерегі бойынша, елде 104 мыңнан астам адамға коронавирус жұққан.

Кейбір сарапшылар Қазақстанның ресми орындары берген Covid статистикаға күмән келтіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG