Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 173 адамнан коронавирус анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

25 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған 173 науқас тіркелді. Вирус жұқтырған 98 адамда ауру белгілері байқалған, 75 адамда Covid симптомдары болмаған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Дүйсенбі күні ең жоғары көрсеткіш – Шығыс Қазақстан облысында (27), ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында (1) тіркелген.

Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 105 075 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Басым бөлігі (93 405) жазылған. 13 наурыздан бері барлығы 1523 адам қайтыс болған.

Ресми статистика бойынша, ПТР тестімен расталған науқастар саны жөніндегі аймақтағы жағдай мынадай:

Алматы қаласында – 14 129 (+21)
Нұр-Сұлтан қаласында - 13 763 (+16),
Атырау облысында - 10 862 (+17),
Қарағанды облысында – 9 997 (+19),
Шығыс Қазақстан облысында – 8 064 (+27),
Батыс Қазақстан облысында – 6 712 (+11),
Шымкент қаласында - 5 169 (+2),
Алматы облысында – 4 883 (+4),
Жамбыл облысында – 4 066 (+3),
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 883 (+11),
Павлодар облысында – 3 797 (+6),
Қостанай облысында – 3 365 (+9),
Маңғыстау облысында – 3 327 (+5),
Ақмола облысында – 3 350 (+7),
Қызылорда облысында -3 229 (+1)
Түркістан облысында – 3 272 (+10),
Ақтөбе облысында - 3 207 (+4).

Дегенмен Қазақстанның ресми органдары берген Covid статистикасына инфекция жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар ғана кіреді. Белгілері коронавирусқа ұқсайтын бірақ ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен пневмонияға шалдыққандар бөлек есептеліп, жарияланып келеді. Ресми статистика бойынша, пневмонияның бұл түріне 1-24 тамыз аралығында 22 мыңнан астам адам шалдыққан. 261 адам қайтыс болған.

Елде жылдың алғашқы жеті айында барлығы 256 мың адам өкпе ауруына шалдыққан. Бұл – өткен жылдың дәл осы мерзіміндегі науқастар санынан 3,3 есе көп көрсеткіш. Денсаулық сақтау министрлігі мұның ішінде коронавирустық пневмонияның үлесін қанша екенін айтпады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG