Accessibility links

Оңтүстік Кореяда дәрігерлер ереуілге шықты, үкімет "лицензияны қайтарамыз" деп сес көрсетті


Оңтүстік Кореядағы дәрігерлер наразылығы.
Оңтүстік Кореядағы дәрігерлер наразылығы.

Соңғы екі аптада індет қайта өршіген Оңтүстік Кореяда мыңдаған дәрігер ереуілге шықты.

KBS арнасының хабарлауынша, медицина қызметкерлері дәрігерлерді дайындайтын университеттерде студенттер санын көбейтіп, мемлекеттік оқу орындарын ашуды көздейтін денсаулық сақтау саласындағы реформаға қарсы. Олардың пікірінше, бұл бәсекені арттырып, емдеу сапасын нашарлатады.

Ереуілді әуел баста тәжірибеден өтіп жүрген дәрігерлер бастаған, кейінірек оларға тәжірибелі медицина қызметкерлері қосылған. Ереуілдің кесірінен ірі ауруханаларда жоспарланған операциялар кейінге шегерілген.

Денсаулық сақтау министрі Пак Нын Ху дәрігерлерді жұмысқа оралуға шақырды.

Оңтүстік Кореяның ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі орталық мәліметінше, 25 тамызда елде 320 жаңа науқас анықталған. 237-сі Сеулдегі халық тығыз шоғырланған ауданда тұрады.

Reuters хабарлауынша, 2 мыңнан астам медицина мекемесі сейсенбі күні билікпен жүргізген келіссөзге көңілі толмағандықтан клиникаларды жабатынын хабарлаған.

Пак жұмысқа оралмаған дәрігерлердің лицензиясы тоқтауы немесе қайтарылуы мүмкін екенін айтып ескертті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG