Accessibility links

Бішкекте вирустан көз жұмғандардың туыстары жақындарының өлімін зерттеуді талап етті


Науқастың жағдайын бақылап отырған медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Науқастың жағдайын бақылап отырған медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

27 тамызда Бішкекте коронавирустан қайтыс болған адамдардың туыстары жиын өткізіп, биліктен індет кезінде көз жұмған мыңнан астам адамның өлімін зерттеуді талап етті. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Жиынға қатысқандардың бірі Айболот Айдосов "неге көп адам өлді?", "олардың өліміне кім жауап береді?" деген сұрақ қойды. Тағы бір адам Мира Айткулова атасын "дәрігерлер дұрыс емдемегендіктен қайтыс болды" деп санайды.

"Атама коронавирус жұғып, ауырып қалды. Онан кейін ауруханаға апардық. Ауруханаға өзі жүріп барды, емдеу алдында тыныс алуы да жақсы болатын. Менің атамды дұрыс емдемеген деп есептеймін. Қазір денсаулық сақтау министрлігіне сұрағым бар" деді Айкулова.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі әзірге наразы тұрғындардың сұрақтарына жауап берген жоқ.

6,3 млн халқы бар Қырғызстанда ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері коронавирустан 1058 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі 18 тамызда қаза болғандардың статистикасын қайта қарап шыққанын, 437 адамның өліміне басқа ілеспе ауру себеп болды деп мәлімдеген еді. Олар бұған қоса, 8 адам өлімі екі рет есептеліп кеткенін айтқан. 18 тамызға дейін елде вирустан қайтыс болғандар саны 1498 адамға жеткен болатын.

Қырғызстанда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 43 459 адамға жеткен. 37 мыңнан астамы жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG